Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

2801/19
МИИР РК усилит и внедрит новые меры государственной поддержки отечественных экспортеров

ҚР ИИДМ отандық экспорттаушыларға мемлекеттік қолдау шараларын күшейтеді

2018 жылдың 11 айдың қорытындысы бойынша жалпы экспорт көлемі 54,7 млрд. АҚШ долларын құрады (43,3). Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26,4% -ға өсті және шикізаттық емес өнім экспортының көлемі 3% артып, $ 14,3 млрд. АҚШ долларын құрады. (2017 жылғы 11 айда 13,9 млрд АҚШ доллары). Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Арыстан Қабыкенов бұқаралық ақпарат құралдарына арналған брифингте айтып берді.

Оның айтуынша, соңғы 5 жылда өңдеу өнеркәсібіндегі экспорт үлесі 9%-ға өсті (2013 жылғы 23% -дан 2017 жылы 32% -ға дейін).

«Өңдеу өнеркәсібінің негізгі экспорттық өнімдері – бұл легирленген болаттан, пішінделген және арнайы профильден, құбырлардан, жіксіз профильден және басқа да металлургиялық өнімдер. Жалпы өңделген өнім экспортының құрылымы негізінен ТМК өнімдері болып табылады, олардың үлесі 33%-дан асады. Бұдан басқа, шикізаттық емес экспорттың жалпы көлеміндегі дайын өнімнің үлесі 19,6% құрайды», - деді Арыстан Қабыкенов.

Биыл «Атамекен» ҰКП 1400-ден астам отандық тауар өндірушілерді, соның ішінде 368 экспорттаушы кәсіпорындарды сертификаттады. Министрлік мемлекеттік қолдаудың қажетті шаралары үшін экспорттаушылар тізімінен 300-ден астам компанияға сауалнама жүргізді.

«Экспорттаушылардың 60%-ы ұсыныстарын қаржылық қолдау шаралары, атап айтқанда жеңілдікті несиелендіру, қайта қаржыландыру, субсидиялау, салықтық жеңілдіктер және көлік шығындарын өтеу қажеттілігі болып табылады. Сондай-ақ, экспорттаушыларға инфрақұрылымды құруға, шикізатпен қамтамасыз етуге, қосымша құн салығы (ҚҚС) қайтаруды жеделдетуге, сондай-ақ шетелде сауда кедергілерді жоюға көмек көрсету ұсынылады. Шикізаттық емес экспортты қолдау жөніндегі мемлекеттік шараларды күшейту мақсатында 2019-2021 жылдарға арналған 500 млрд теңге қарастырылған», - деп хабарлады вице-министр.

Бұл қаражаттар дәстүрлі көзқарасты нығайтады және сервистік қолдаудың жаңа құралдарын енгізеді.

Отандық экспорттаушыларға көлік шығындарының бір бөлігін өтеу тетігін енгізу, «KazakhExport» ЭСК» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту және мемлекеттік кепілдіктердің жаңа түрін енгізу, алдын-ала бөлінген қаражат есебінен экспортқа бағытталған жобаларды қаржыландыру.

2018 жылдың қорытындысы бойынша «KazakhExport» АҚ-на 50 экспорттаушы, оның ішінде 27 жаңа компания («Шымкентмай» АҚ, «Жаркент крахмал фабрикасы» ЖШС, «KSP Steel ЖШС, «КЭМОНТ» АҚ) қолдау көрсетті.

Қолдау көрсетілген экспорттық келісімшарттардың көлемі 419,7 млрд. теңгені құрады.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2020

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Экспортты дамыту және ілгерілету департаменті